Бастапқы коды ашық құпиялылық технологиясы арқылы сөз бостандығын қорғау және қауіпсіз жаһандық байланысты қамтамасыз ету.

Біздің миссиямыз

Бастапқы коды ашық құпиялылық технологиясы арқылы сөз бостандығын қорғап, жаһандық байланыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз.

Құпиялылық бәрінен де маңызды

Signal Messenger деп аталатын флагмандық өнімнің арқасында пайдаланушылардың құпиялылығын қорғау дегеніміз –деректеріңізді "жауапкершілікті сезіне" отырып басқару емес, жеке басыңызға қатысты деректердің, сонымен қатар өзіміздің деректеріміздің қолды болуына жол бермеу.

Бастапқы көзі ашық код

Бастапқы көзі ашық код қауымдастығының белсенді мүшесі ретінде өз технологиямызды жариялап, білгенімізбен бөлісеміз, осылайша басқа компаниялар өз өнімдері мен қызметтерінде біздің технологияларды қолданғанын қалаймыз.

Коммерциялық емес компания

Signal Foundation – 501c3 бөлімі бойынша коммерциялық ұйым. Компаниямыздың осындай болуын мақтан тұтамыз және кез келген коммерциялық бизнес сияқты коммерциялық емес компаниялар да инновация енгізе алатынын және өрісін кеңейте алатынын дәлелдегіміз келеді.

Ұйым + Жауапкершілігі шектеулі құрылым

2023 жылы пайда болған Signal мессенджеріне қолдау көрсету мақсатында 2018 жылы Signal Foundation құрылған болатын. Foundation-нің арқасында біз Signal-ды дамытып, операцияларға қолдау көрсете алдық, сонымен қатар жеке қарым-қатынас саласының болашағын зерттедік.

Пайдадан гөрі құпиялылыққа мән береміз

Signal – жарнама берушілер немесе инвесторларсыз жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйым, ол қолданбаны пайдаланатын адамдардың арқасында жұмыс істеп тұр.

Не үшін Foundation + Жауапкершілігі шектеулі компания құрылымын пайдаланамыз?

Signal Messenger қызметінің бас компаниясы ретінде Signal Foundation ұйымын құрдық, себебі дәл жоғарыда аталған миссиямызға апаратын баспалдақ ретінде басқа да құпиялылықты сақтау жобаларын жүргізуге тырысамыз.

Баршаға тегін

Signal Messenger-дің әлемдегі миллиондаған адамға тегін қолданба болуы үшін қоғам көмегіне жүгінеміз. Бұл іске қолдау көрсете аласыз ба?

Басқарма мүшелері

Амба Кактың портреті

Amba Kak

Амба Как – заңгер және технологиялық саясат сарапшысы, ол он жылдам астам уақыт бойы мемлекеттік реттеуші органдарға, өнеркәсіп иелеріне, қоғамдық ұйымдарға және филантроптарға халықаралық деңгейде өз қызметін көрсетіп келеді. Қазір ол – Нью-Йорктағы жетекші саяси зерттеу ұйымы болып табылатын AI Now Institute институтының атқарушы директоры, Солтүстік-Шығыс Университетіндегі Киберқауіпсіздік және Құпиялылық институтында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді.

Амба АҚШ-тың Федералдық сауда комиссиясында аға кеңесші болып қызмет атқарған және пайда болған техникалық сұрақтар бойынша реттеуші органға кеңес беріп отырды. AI Now институтына дейін Амба Mozilla компаниясында Халықаралық саяси кеңесші болды, онда ол деректердің құпиялылығы туралы заңдар мен Азия-Тынық мұхиты аймағы мен одан тыс аймақта желі бейтараптығы сияқты ұйымдардың ұстанымдарын әзірлеп, ілгері дамытып отырды. Қазір ол Mozilla Foundation ұйымында Директорлар кеңесі бағдарламасының комитетінде жұмыс істейді. Амба бакалаврды (Hons) Үндістандағы Заң ғылымдарының ұлттық университетінде оқып, үздік бітірген. Ол әйгілі Оксфорд университетінде құқықтану пәні бойынша магистратураны (BCL) және Интернеттегі әлеуметтік ғылым бойынша магистратураны бітіреді, онда ол Родс степендианты ретінде оқиды.

Брайан Эктонның портреті

Brian Acton

Брайан Эктон – кәсіпкер және компьютерлік бағдарламашы, 2009 жылы WhatsApp хат алмасу қолданбасының негізін қалаушылардың бірі. 2014 жылы бұл қолданбаны Facebook-ке сатқан соң, клиенттер туралы деректерді және таргеттелген жарнамаларды қолдануға қатысты келіспеушіліктерден кейін Эктон компаниядан шығып, коммерциялық емес мекемелерге күш жұмсағысы келеді. 2018 жылдың ақпан айында Эктон өзінің жеке 50 миллион долларын бөліп, Мокси Марлинспайкпен бірге Signal Foundation-ді құра бастайды. Signal Foundation – жеке хат алмасу процесін кез келген жерде қолжетімді әрі қауіпсіз етумен айналысатын коммерциялық емес ұйым.

WhatsApp және Signal Foundation компанияларының негізін қалағанға дейін Эктон Apple, Yahoo және Adobe сияқты компанияларда 27 жылдан астам уақыт бағдарламалық құрал құрастырғышы болып жұмыс істеді.

Джей Сулливан портреті

Jay Sullivan

Джей – тұтынушы технологиядағы жоғары өнім және инженерлік жетекші рөлдерде үлкен тәжірибесі бар өнім жасаушы. Жақында ғана ол Twitter-дің тұтынушы және табыс әкелетін өнімдері жөніндегі бас менеджер болып, инженерлікке, өнімге, дизайнға, зерттеуге және дерек ғылымына жетекшілік етті. Twitter-ге дейін Джей Facebook-та қызмет істеді. Онда ол Reality Labs зертханасының ЖИ көмекшісін әзірлейтын ұжымды басқарды, содан кейін Мессенджер мен Instagram Direct бойынша Құпиялылық, біртұтастық және жүйелік өнімдер жөніндегі ұжымды басқарды. Джей Mozilla компаниясында өнімдер жөніндегі бас вице-президент және бас операциялық директор қызметін атқарды. Ондағы міндеті Firefox компаниясының дамып тұрған шағында негізгі шығарылымдарына жетекшілік етті және веб-платформаны насихаттаған, сондай-ақ адамдарға онлайн режимде көбірек таңдау мен басқару мүмкіндігін берген сарапшы болды.

Сонымен қатар Джей бір стартаптың негізін қалады және мансабын Firefly Network (Microsoft сатып алды) және Oracle компаниясында бағдарламалық құрал инженері және инженерлік менеджер ретінде бастаған болатын.

Джей бакалаврды Қолданбалы математика бойынша Йель колледжінде оқыған және ол АҚШ-тағы бірнеше патенттің иегері болып табылады.

Кэтрин Махердің портреті

Katherine Maher

Кэтрин Махер – Wikipedia-ға жауапты Wikimedia Foundation компаниясының бұрынғы бас директоры және атқарушы директоры. Қазір ол Атлант кеңесіндегі бас ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. Онда ол технологияның, адам құқықтарының және демократияның тоғысқан саласына жауапты. Wikimedia компаниясына дейін ол Access Now деп аталатын цифрлық құқықтар жөніндегі ұйымда Адам құқығын қорғау жөніндегі директор болған. Махер – Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңестің мерзімді мүшесі, Дүниежүзілік экономикалық форумның жас халықаралық жетекшісі және Truman National Security жобасының қауіпсіздік жөніндегі қызметкері. Ол Center for Technology and Democracy, Consumer Reports, the Digital Public Library of America, Adventure Scientists және System.com сияқты компаниялардың директорлар кеңесіне кіреді, сонымен қатар ол – Бейруттағы Америка университетінің сенімді өкілі. Ол АҚШ-тың Сыртқы істер министрлігінің саяси кеңесінің мүшесі болып тағайындалды, онда ол – мемлекеттік хатшыны технологиялық саясат жөніндегі кеңесшісі. Ол Мысырдағы Каир қаласында орналасқан Америка университетінің Араб тілі институтында және Сирияның Дамаск қаласындағы Institut français d'études arabes de Damas (L'IFEAD) институтынан кейін бакалаврды 2005 жылы Таяу-шығыс және Исламтану пәні бойынша Нью-Йорк университетінің Өнер және ғылым колледжінде оқыды.

Мередит Уиттакердің портреті

Meredith Whittaker

Мередит Уиттакер – Signal-дың президенті және Signal Foundation директорлер кеңесінің мүшесі.

Ол 17 жылдан астам уақыт технология, өнеркәсіп, ғылым саласында және үкіметтік қызметте жұмыс істеді. Signal-дың президенті болып қосылғанға дейін, ол Нью-Йорк университетінде Minderoo зерттеу профессоры болып қызмет атқарды және өзі басқалармен бірігіп негізін қалаған AI Now Institute институтының факультет директоры болып қызмет етті. Оның ғылыми-зерттеу жұмысы жаһандық жасанды интеллект саясатын қалыптастыруға және жұртшылықтың жасанды интеллект туралы ойын өзгертіп, қадағалау бизнесінің тәжірибелерін көбірек енгізу және заманауи жасанды интеллектке қажетті өнеркәсіптік ресурстарға мән беруге көмектесті. Нью-Йорк университетіне дейін ол он шақты жыл Google корпорациясында жұмыс істеді. Ол жерде өнімдер және инженерлік жөніндегі командаларға жетекшілік етті, Google-дың Ашық зерттеу тобын қалыптастырды және интернет жұмысы туралы ашық деректердің әлемдегі ең үлкен көзін қамтамасыз етіп отырған желілік өлшем платформасы болып есептелетін M-Lab платформасының негізін басқалармен бірігіп қалады. Сонымен қатар Google компаниясына жетекшілік етуге көмектесті. Ол жасанды интеллектке қатысты компания реакциясының жеткіліксіз болуына бірден-бір қарсылық білдірушілердің бірі болды, сондай-ақ Google Walkout ереуілінің бас ұйымдастырушысы болды. Ол құпиялылық, қауіпсіздік, жасанды интеллект, интернет саясаты және өлшем сұрақтары бойынша Ақ үйге, Федералдық байланыс комисиясына, Нью-Йорк қаласының басшылығына, Еуропа парламентіне және басқа да үкіметтер мен қоғамдық ұйымдарға кеңес беріп жүрді. Жақында ғана ол АҚШ-тың федералдық сауда комиссиясы төрағасының Жасанды интеллект бойынша бас кеңесшісі ретінде жұмыс атқарды.

Emeritus

Мокси Марлинспайктың портреті

Moxie Marlinspike

Мокси Марлинспайк – Signal-дың негізін қалаушы.